«Ертістің» қарсыластары футбол маусымына қалай дайындалуда

Қызықтың көкесі павлодарлықтардың басты бәсекелесі қарағандылық «Шахтерда», деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кеншілер жақта павлодарлық баспасөз хатшысы Асқар Хайыргелдинов ізденуді жалғастыруда. Бұл жолы ол команда шабуылшысы Айдос Тәттібаев екеуі «Шахтердің» Instagram парақшасына жазылушылар үшін ерекше контент ойлап тапты. Шабуылшы өзіне микрофон іліп, жаттығу жиынын өткізді: ойыншылар арасындағы әңгімелер мен бапкерлердің нұсқаулары жазылып жатты. Нәтиже езу тартарлық болып шықты.
Микрофонды көрген Богдан Савкив бұл камера ма деп сұраса, ал Айдос Тәттібаевтың өзі жаттығу үстінде Юрий Перцухқа «тікелей эфирге» шығуға ұсынды, бірақ соңғысы сыпайы түрде одан бас тартты.
Осылай «Шахтердің» Астанадағы оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Иржи Ярошик командасы үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін 4 ақпан күні Түркияға ұшады. Ол 24 ақпанға дейін жалғасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақтаудың «Каспий» командасы, «Ертістің» Бірінші лигадағы тағы бір бәсекелесі Өскеменнің «Ақтауы» сияқты Шымкентте жаттығуда. Кадрлық өзгерістер туралы ресми жаңалық жоқ. «Тараз» Қаратаулық «Таласпен» жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Голдың бірін елге танымал Әлішер Сүлей соқты.
Былтыр белсенген Алматының «Хан Тәңірі» әлеуметтік желілерде үнсіздік сақтаудады. Оралдың «Ақжайығы» болса, жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бір айдан астам уақыттан бері «Екібастұздан» хабар жоқ. Клуб басшылығы өзгерді – екібастұздықтар туралы беолгілі жайт осы ғана.
«Ертіс» шымкенттік Ғафуржан Сүйімбаев пен Максим Вагановты құрамға қосып, сондай-ақ павлодарлық Даниил Нырков пен Ерасыл Байдрахмановқа сенім артты.
«Ертістің» алғашқы оқу-жаттығу жиыны 15 қаңтарда Павлодарда басталды. 8 ақпанда команда Ташкентке барып, 26 ақпанға дейін сонда болады. Команда жаңа маусымға дайындықты Шымкентте аяқтайды.