Балаларға – балмұздақ. Павлодарлықтарды футболға шақыруда

Балаларға – балмұздақ. Павлодарлықтарды футболға шақыруда
Фото: Валерий Бугаев

Қайта жаңғырған «Ертіс» Екінші лигадағы чемпионатты бастап келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодардың орталық стадионында «Ертіс» пен «Астана Ж» арасында матч өтеді. Астаналықтардың жастар құрамы – оңай шағылатын жаңғақ емес. Керісінше, команда Солтүстік-Шығыс конференция турнир кестесінің бел ортасында келеді. Сондықтан Сергей Якушин шәкірттеріне 90 минут бойы өте үлкен сақтықпен ойнау керек. «SD Family Ж» командасымен болған қателіктерді әсте қайталауға болмайды.

Бес ойында қонақтер бір-ақ рет жеңілді. Осыған дейінгі екі ойында «Астана Ж» қарағандылық «Шахтер» мен қостанайлық «Тобыл» жастарына барынша қарсылық көрсетті. Соңғы екі клуб – «Ертістің» Бірінші лига жолдамасы үшін тартыстағы басты қарсыластары. 

Ойын 21 мамырда сағат 19.00-де басталады. Матчқа бір сағат қалғанда стадионда әртүрлі қызықтар басталады: диджей музыкасы, викториналар мен ойындар. Кішкентай жанкүйерлер үшін клуб басшылығы тегін балмұздақ таратады.

Кіру тегін.