Екібастұздық футболшы «Ертіс» үшін элиталық клубтардан бас тартты

Екібастұздық футболшы «Ертіс» үшін элиталық клубтардан бас тартты
Фото: Константин Шелков

Оны патриоттық сезім жетелейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз футбол клубының 28 жастағы түлегі Максим Федин әзірге тек еліміздің элиталық дивизионындағы клубтарда ойнаған. Футболшы соңғы екі маусымды Шымкенттің «Ордабасы» сапында өткізіп, 2023 жылы Қазақстан чемпионы атанды.

Осы маусымда Премьер-лига клубтарының бірқатар ұсыныстарына қарамастан, ойыншы Павлодар облысының негізгі командасына келіп қосылып, клубқа жоғарғы дивизионға шығуға көмектесуге бел буды.

- Маған ҚПЛ-дан төрт-бес ұсыныс болды, бірақ мен «Ертісті» ойланбастан таңдадым, - деп мойындады Максим Федин. – Мен үйге оралып, өз клубыма команданың лайықты мақсаттарына жетуіне көмектескеніме өте қуаныштымын. Атмосфера керемет, басшылық, жаттықтырушылар құрамы және ойыншылар – бәрі жақсы. Біз барлығымыз алдағы маусымға дайындалып жатырмыз және әр ойында жеңіске жетуге тырысамыз. Мен жанкүйерлер алдындағы жауапкершілікті сезінемін. 

Бірінші лиганың бірінші матчында «Ертіс» «Екібастұзды» қабылдайды. Футболшының өзі бұл ойынның аса принципиалды сипатта екендігі туралы еш ойланбайды. Матч 9 сәуірде сағат 19.00-де басталады.

7 сәуірде орталық стадионда команданы жанкүйерлер алдында таныстырады. Тұсаукесердің уақыты сағат 19.00-де.