Павлодар музейінде Отан қорғаушыларға арналған кеш өтті
Шараға әскерилер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Ұранды елдің - ұрпағы қайсар» атты музыкалық кеш өтті. Шараға Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері мен сарбаздары, «Жас сарбаз» мектебінің оқушылары, шекара қорғаушылары қатысты.
– Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. «Отан үшін отқа түс- күймейсің, суға түс- батпайсың» деген халық нақылы бар. Ұлан - байтақ жерімізді, елімізді көздің қарашығындай сақтап, қорғайтын жауынгерлердің құрметіне аталмыш шара ұйымдастырылды, – дейді музей қызметкерлері.
Мерекелік шара барысында Мизан Жұмәлі домбырамен ән шырқаса, Назымгүл Шапағат сарбаздарға жетіген аспабында әсем әнін арнады.