Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы: Баянауылда «Қаныш» фильмі LED экранда көрсетіледі

Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы: Баянауылда «Қаныш» фильмі LED экранда көрсетіледі
Фото: Константин Шелков

@Pavlodarnews.kz 16-17 тамыз күндері өтетін академиктің мерейтойына арналған мерекелік бағдарламаны ұсынады.

Геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына арналған салтанатты іс-шара 16 тамыз күні Павлодар қаласы Достық үйінде «Академик Қаныш Сәтбаевтың мұрасы: Данышпанның феномені және Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясымен бастау алады.

Конференция шеңберінде геология бағыты бойынша конкурстың жеңімпаздары жеті жас ғалымға тағайындалған облыс әкімінің гранттары табысталатын болады.

Сол күні Қ.И. Сәтбаев халықаралық қоры дайындаған естелік кітабының тұсаукесері өтеді.

Сонымен қатар, 16-17 күндері Баянауыл ауылы С.Торайғыров атындағы мәдени ойын-сауық орталығында республикалық ақындар айтысы өткізіледі. 

Оған қоса, Баянауыл ауданы Мұса Шорман ауылы, Қаныш Сәтбаев туған жеріне зиярат етіп, Лекер ауылының маңында, Ж.Аймауытов ашқан «Мәдени кіндік» ауылының орнына белгітас қойылады.

16 тамыз күні кешке этноауылда «Қаныш» фильмі LED экранда көрсетіледі.

17 тамыз күні үлкен той өтеді. Онда 100-ден аста киіз үй тігілген этноауыл болады.

Ұлттық спорт түрлері, атап айтқанда, көкпар, қазақша күрес және бәйге ұйымдастырылады.  

Сол күні Баянауыл ауылы С.Торайғыров атындағы мәдени ойын-сауық орталығында екі бірдей кітаптың тұсауы кесілсе, екі кітап қайта таныстырылады. Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Сұңғыла» атты кітабы, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Аспанбек Шұғатаевтың «QANYSHAME» кітабы. Сонымен қатар, Әлкей Марғұланға арналған энциклопедияның, Жүсіпбек Аймауытовтың өміріне арналған кітаптың тұсаукесері өтеді.

Сондай-ақ, этноауыл алаңында Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің басқа облыстарынан қатысатын Ортаазиялық Халықаралық қол өнершілерінің жәрмеңкесі өтеді деп күтілуде.

Бұдан бөлек, бағдарламаға сәйкес басты сахнада Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясы әртістерінің, облыс өнерпаздарының және арнайы шақырылған эстрада жұлдыздары, атап айтқанда Тоқтар Серіков,Бейбіт Сейдуалиева, ЕркінНұржанов, Ернар Айдардың қатысуымен концерт болады.