Студенттік шақ: Павлодарда жастарға арналған фестиваль өтеді

Студенттік шақ: Павлодарда жастарға арналған фестиваль өтеді
Фото: Ольга Бугаева

Жергілікті өнерпаздар  «Ertis Promenade» сахнасында ән шырқайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан студенттерінің Альянсы Павлодар облысы филиалының мәліметінше,  7 қыркүйекте «StudFest» атты мерекелік концерт өтеді. Шара студенттер қатарына қосылған жастарға арналады.  

– Сіздерді қаланың талантты жастарының қатысуымен қызықты концерттік бағдарлама, конкурстар және мерекелік би кеші күтеді,– делінген хабарламада. 

Іс-шара кешкі сағат 19:00-де Павлодар қаласының басты «Ertis Promenade» сахнасында өтеді.