12 наурызда Павлодарда қар жауады

12 наурызда Павлодарда қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көшпелі бұлт шығады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз көбінесе қар түрінде жауын-шашын жауады. Солтүстіктен жел соғады, күші секундына 9-14 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде минус 13-15, күндіз минус 1-3 градус болады.

13 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.