Павлодар облысы тұрғындарының үш пайызға жуығы жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төледі

Полицейлер тәртіп бұзушыларды күн сайын тоқтатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылдың алғашқы үш айында 21 269 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін жазаланды.
– Тәжірибе көрсеткендей, көптеген жол-көлік оқиғалары көбінесе дұрыс таңдалмаған жылдамдықтың салдары болып табылады. Әрбір жүргізуші жолдың әртүрлі учаскелерінде белгіленген жылдамдықты сақтау өте маңызды екенін түсінуі керек, – деді облыстық полиция департаментінде.
Мәселен, жуырда Астана-Павлодар тас жолында Қалқаман ауылының маңында сағатына 237 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан «Land Rover Range Rover» көлігі тоқтатылды.
– Бұзушылықты «Зерек» автоматты бағдарламасы тіркеді. Аталған жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Енді тәртіп бұзушы айыппұл төлеуге мәжбүр болады, – деді департаментте.
Еске сала кетейік, Қазақстанда жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғандарға 20 АЕК немесе 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынады.