Павлодар облысы жүк тасымалы бойынша топ-5 өңірге кірді
Жарты жыл ішінде Қазақстанда теміржол көлігімен 230 миллион тоннадан астам жүк пен багаж тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі пайызға аз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Finprom.kz сарапшылары жүк тасымалы бойынша ең үлкен көрсеткіш Павлодар облысында – 26,5 миллион тонна, жылдық өсім 12,5 пайызға екенін байқады. Көшбасшы аймақтардың бестігіне Астана, Қарағанды, Ақтөбе және Жамбыл облыстары да кірді.
Жарты жыл ішінде Қазақстан бойынша теміржол көлігін 12,3 миллион жолаушы пайдаланды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артық. Сарапшылар ең жоғары көрсеткішті Астанада тіркеді: 3,6 миллион жолаушы. Бұдан әрі Ақтөбе және Қарағанды облыстары кіреді.
Сонымен қатар, теміржол көлігі қызметтері қымбаттады. Плацкарттағы жол сегіз, ал купеде жеті пайызға өсті. Сарапшылар бағаның тағы да көтерілуін болжауда.
Finprom.kz жолаушылар теміржол көлігі саласындағы негізгі капиталға инвестициялар 9,8 есе өскенін атап өтті. Салымдардың негізгі бөлігі Астанаға, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарына тиесілі болды. Ұлытау, Павлодар және Ақтөбе облыстарында елеусіз сомалар.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар теміржол вокзалын қайта жаңарту тоғыз айға созылып, құны 1,5 миллиард теңгені құрады. Ақшаны демеуші – «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС бөлді. Енді вокзал тәулігіне төрт мыңға дейін адамды қабылдайды және қызмет көрсетеді.