Павлодарда хоккей жанкүйерлері мұз айдынына ойыншықтар лақтырады
«Ertis» хоккей клубы балаларға жаңажылдық сыйлықтар жинау үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Клубтың баспасөз қызметі мәлімдегендей, 22 қараша күні Павлодарда дәстүрлі «Мишкопад» қайырымдылық акциясы өтеді. Іс-шара команданың сырт алаңдағы ойындар сериясы алдындағы соңғы үй матчында ұйымдастырылады.
Акция аясында жанкүйерлер ойын аяқталғаннан кейін мұз айдынына жұмсақ ойыншықтар лақтыра алады. Жиналған сыйлықтар Жаңа жыл қарсаңында балалар мекемелеріне табысталады.
– Ойыншықтар міндетті түрде жаңа, жапсырмасы бар болуы тиіс. Мұзда суланбауы үшін оларды полиэтиленге орап әкелулеріңізді сұраймыз, – деп хабарлады хоккей клубы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық шарасына команданың маскоттары Шағала мен Мысық та қатысып, жанкүйерлерге мерекелік көңіл күй сыйлайды.
Матч 22 қараша күні сағат 17:00-де Павлодардағы «Астана» мұз сарайында өтеді.
Акция барысында жиналған барлық ойыншық 2027 жылғы Жаңа жыл мерекесіне орай балаларға қайырымдылық сыйлық ретінде беріледі.