Павлодар облысы Әділет департаменті Солнечный кентінің тұрғындарымен кездеседі

Павлодар облысы Әділет департаменті Солнечный кентінің тұрғындарымен кездеседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесу барысында тұрғындар заң мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, кеңес ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, кездесу 17 сәуір күні сағат 10:00-де Солнечный кентіндегі Мақпал мәдениет үйінің ғимаратында өтеді. Шараға адвокат, жеке сот орындаушысы және заң кеңесшісі қатысады.

Кездесу барысында тұрғындар заң мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, кеңес ала алады. Шара соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіледі.