Павлодарлық еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады
Қала жастары тосын сый жасау үшін Кенжекөл ауылына барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының волонтерлары ИнЕУ Жоғары колледжінің еріктілерімен бірге Кенжекөл ауылындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл күй тарту етті.
Колледж қызметкерлері мен студенттерінің арқасында тәтті сыйлықтар сатып алу үшін қаражат жиналды.
Волонтерлар ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көрініс қойып, ойындар ұйымдастырды. Бұл балалардың күнін қуаныш пен ғажайыпқа толтырды.