Павлодар облысындағы тасжолда болған жол апатынан жолаушы зардап шекті
Оған ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
24 қараша күні сағат 19:30-да «112» қызметінің пультіне Қызылорда – Павлодар автожолының 1273-шақырымында, Пограничник ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен.
Жол апатынан көлік жолаушысы зардап шеккен. Оқиға орнына апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы дереу жеткен. Мамандар зардап шеккен адамды қарап, қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін оны Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізген.
Медициналық мекемеде тексеруден өткен соң зардап шеккен жолаушы амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне жіберілген.