Павлодар облысында қанша жазғы лагерь жұмыс істейді?

Павлодар облысында қанша жазғы лагерь жұмыс істейді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үш лагерь бала қабылдауға толықтай дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жаз мезгілінде 109 мыңнан астам оқушының демалысын,  сауықтырылуы  мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина мәлім етті. 

– Облыста 12 қала сыртындағы балалар лагерінің, 9-мемлекеттік,  2-жекеменшік. Олардың ішінен 11 лагерьді ашу жоспарланған. Баянауыл ауданында орналасқан «Орлёнок» жекеменшік лагері жұмыс істемейді. Жыл бойы жұмыс істейтін «Жас дәурен» облыстық білім беру және сауықтыру орталығы және «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы жалпы  1600 баланы қамтиды. Екі лагерьдің рұқсаты бар және балаларды қабылдауды жалғастырады. Қалған 9 маусымдық қала сыртындағы лагерьлер 3 168 баланы қабылдайды, – деді Самал Айтқазина.

Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық басқармасына лагерьлердің құжаттары тапсырылды. Үшеуі рұқсатнама қағазын алды, қалғандары жұмыс барысында.

– Ерекше қабілеті бар балалар үшін барлық аудан орталықтарындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде 200-ден астам баланы қамтитын жазғы лагерьлер, арнайы мектептерде төрт мектеп жанындағы лагерьлер ашылады, – деп атап өтті ол.

Ал, 38 155 оқушыны қамтитын 334 мектеп жанындағы лагерьлер мен алаңдар, мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің базасында жоспарланып отырған қамту көрсеткіші 52 240 оқушыны құрайтын 382 бейіндік лагерьлер мен жасақтардың жұмысы ұйымдастырылады.

«Жаздық жолдама -2025» әлеуметтік жобасы аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауылдық мектептердің 5-8-сынып оқушыларына оқу үздіктері, түрлі конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан 595 ауылдық балаға жолдама сатып алуды жоспарлап отыр.