Павлодар облысында қолайсыз ауа райына байланысты жедел желілер іске қосылды
Қатты желдің екпіні 27 сәуір күні де сақталуы ықтимал, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 112 арнасы Павлодар облысының тұғындары мен қонақтарын дауылды ауа райында сақ болуға шақырады.
Синоптиктердің мәліметінше, Павлодар қаласында 26 сәуір күні оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жеткен. Ал 27 сәуірде ауа температурасы түнде +4...+6 градус жылы болса, күндіз сынап бағанасы күрт төмендеп, +8...+10 градусқа дейін көтеріледі.
27 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде +2...+7, облыстың шығысында +10 градус жылы болса, күндіз +5...+10, облыстың шығысында +13 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Осы орайда Павлодар қаласының әкімдігі қолайсыз ауа райына байланысты қаланың барлық қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейтінін хабарлады.
Жедел желілердің жұмысы ұйымдастырылған. Яғни – ТЖМ 112, 101 – пульті мен Павлодар қаласы әкімдігінің +7 705 129 63 71 нөмері тәулік бойы жұмыс жасайды. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердегі Direct арқылы хабарласуға болады.
Төтеншеліктер, тұрғындарды сақ болуға шақырып, жолға шықпас бұрын ауа райы туралы ақпаратты біліп алуға шақырады.