Павлодар облысында өртке қарсы әзірлік күшейтілуде
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов орман қорғау мекемелерін аралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімінң орынбасары Серік Батырғожинов Железин, Тереңкөл және Павлодар аудандарында орналасқан орман қорғау мекемелеріне барды.
- Өртке қарсы дайындық бойынша мәжіліс өткіздік. Мәжілісте жергілікті атқарушы органдардың өрт қаупі кезеңінде өзара іс-қимыл әрекеттері, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша ауылшаруашылық құрылымдарымен және жергілікті халықпен жұмыс жүргізу алгаритмі талқыланды,- дейді Серік Батырғожинов.
Сондай-ақ, орман қорғау мекемелері орман және дала өрттерін болдырмау үшін жасалған минералды жолақтарды қарады. Өртке қарсы техникалары да көзден таса қалған жоқ.