Павлодарда қалалық мәслихат депутаты әдеп этикасын бұзды
Осыған байланысты жергілікті тұрғын Асайын Байхановқа шағымданған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының әкімі тұрғындардың жеке қабылдауын өткізді. Аймақ басшысы қабылдау барысында барлық өтініштерге толықтай жауап берді.
– Ерекше баланың анасы медициналық мекемелердің бірінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Облыс орталығының тағы бір тұрғыны қалалық мәслихат депутатының әдепті бұзғанына шағымданды, – деп жазды Асайын Байханов өзінің жеке инстаграм парақшасында.
Сондай-ақ, қабылдауда қосымша жер учаскесін алу тәртібі, тірек-қимыл аппараты бұзылған жандар үшін техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету туралы түсініктемелер берілді.
Кездесу соңында Асайын Байханов жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметкерлердің азаматтардың өтініштеріне жауап беріп, ымыралы шешім табу керектігін еске салды. Қарастыруды және пысықтау үшін қосымша уақытты қажет ететін мәселелер мемлекеттік органдардың бақылауына алуды тапсырды.