Павлодар облысында 23 қазанда салқын ауа райы сақталады
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде облыс бойынша ауа температурасы -1…-6°C болады. Жауын-шашын түсіп, негізінен қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында және орталығында көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы 0…+5°C аралығында болады. Облыстың оңтүстігінде -3°C-қа дейін төмендейді. Жауын-шашын, негізінен қар түрінде түсіп, оңтүстік, батыс және орталық аудандарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік пен шығыста тұман болады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -1…-3°C шамасында болады. Аспан бұлтты болып, жауын-шашын, негізінен қар жауады. Көктайғақ болуы мүмкін.
Күндіз ауа температурасы 0…+2°C-қа дейін көтеріледі. Бұлтты ауа райы сақталып, қар жауып, көктайғақ күтіледі.