Павлодар облысында 6 тамызда найзағай ойнап, бұршақ жауады

Павлодар облысында 6 тамызда найзағай ойнап, бұршақ жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +13...+18°C. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі.

Күндіз ауа температурасы +23...+28°C. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады, облыстың орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +16...+18°C. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +25...+27°C. Аспанды құбылмалы бұлт торлап, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.