Павлодар облысында апта бойы жаңбырлы болады

Үш күн бойы бұршақ жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
8 шілдеде ауа температурасы түнде +10 ... +15, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ал күндіз жылы болады: +22 ...+27.
Сәрсенбіде керісінше, күндіз жаңбыр жауып, найзағай жалт етіп, бұршақ жауып, ауа температурасы +20...+25 градусқа дейін жетеді. Түнде +10...+15 градус.
Бейсенбі күні жауын-шашын болмайды. Түнде сынап бағанасы +10...+15 градус, күндіз +23 ... +28 градусты көрсетеді. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді.
11 шілдеде түнде температурасы +12...+17 градусқа жетіп, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз +23...+28 градус: жылы жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.
Сенбі күні түнде облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, термометр +12...+17 градусты көрсетеді. Күндіз +24…+29 градус.
Жексенбі күні жауын-шашын болмайды. Күндіз +21...+26, түнде +10...+15 градус.