Павлодарда және оның маңындағы ауылда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 наурыз күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 346, 348, 350, 354/1;
- Теплов көшесі, 14А, 17
- Гагарин – Кошевой – Амангелді – Орджоникидзе көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 108, 128, 400, 498, 522, 594;
- Орталық өнеркәсіптік аймақ, 89;
- Березовая көшесі, 10, 224;
- 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы, 7-ші, 8-ші Жаңаауыл көшелері бойындағы тұрғын үйлер.