Павлодар облысында атмосфералық ауаға тасталатын ластағыш заттардың көлемі азайған
Тастандылардың негізгі көздері үш қалада орналасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековтің мәлімдеуінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың өндірістік кәсіпорындарына жүргізілген атмосфералық ауаға тасталатын ластағыш заттардың жалпы деңгейінің сараптамасына сәйкес, тастандылар көлемінің айтарлықтау азаюы байқалады.
Негізгі көздері үш қалада орналасқан: Екібастұзда – 46,2 пайыз, Павлодарда – 24,7 пайыз және Ақсуда – 22 пайыз, бұл тұрғыда облыс аудандарының үлесі бес пайызды құрайды.
– Жылу энергетикасы, металлургия, мұнайды қайта өңдеу және тау-кен экологиялық жағдайға әсер ететін негізгі салалар. Олардың үлесі сәйкесінше – 70 пайыз, 25 пайыз, және шамамен үш пайыз. Бұл ретте, биыл қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың нақты көлемі 349 мың тоннаны құрады, бұл – 2023 жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 75 тоннаға аз, – деді Қанат Мұсапарбеков.
Тастандылардың азаюяы келесі факторларға байланысты: «Қазақстан электролиз зауыты» күйдірілген анод шығындарын оңтайландыру және қызмет мерзімін ұлғайту есебінен тастандыларды 4,1 мың тоннаға азайтты, «2-МАЭС Екібастұз станциясы» құрал-жабдықтар жұмысы режимін оңтайландыру және жылу босату көлемін азайту есебінен тастандыларды 2,65 мың тоннаға азайтты. «Павлодар мұнай-химия зауыты» жаңа тиімді технологиялық пешті іске қосу мен мұнайды қайта өңдеу көлемін азайтуға байланысты тастандыларды 300 тоннаға, «Павлодарэнерго» электр энергиясын өңдеу көлемі мен көмір тұтыру көлемін азайту есебінен 600 тоннаға, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» электр энергиясын өндіруді азайтуға байланысты тастандыларды 970 тоннаға азайтты.
Басқарма басшысының айтуынша, бұл нәтижелер облыстағы экологиялық жағдайдың жақсаруы мен кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігі және тұрақты дамуға тырысуын дәлелдейді.