Павлодар облысында автобус маршруттарына конкурс өткізіледі

Павлодар облысында автобус маршруттарына конкурс өткізіледі
Фото: pexels.com

Конкурсқа кез келген заңды және жеке тұлғалар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізеді.  Өткізілетін күні  – 2023 жылғы 22 мамырда сағат 15.00-де.   

Конкурсқа келесі маршруттар пакеті (маршруттар) шығарылған:

Лот № 1 Павлодар - Астана - Павлодар;

Лот № 2 Железин - Павлодар - Железин;

Лот № 3 Баянауыл - Екібастұз - Баянауыл;

Лот № 4 Александровка - Павлодар - Александровка;

Лот № 5 Алакөл - Павлодар - Алакөл;

Лот № 6 Ертіс - Павлодар - Ертіс.

Конкурсқа меншік түріне байланыссыз, меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде автокөліктер иесі, кез келген заңды және жеке тұлғалар қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіргендер облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Павлодар қаласы Жеңіс алаңы көшесі, 5Б, 708 кабинетте немесе huan.manarbek@pavlodar.gov.kz эл. поштасына конкурстық құжаттар кешенін алуға жазбаша түрде өтініш беруі қажет.

Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы 3 мамыр сағат 18-30-ға дейін.

Конкурстық комиссия 24 сәуірде сағат 11.00-де конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференциясын өткізеді.  

Анықтама телефоны: 32-72-07, 32-73-50