Павлодар облысында жас мемлекеттік қызметші мектебіне қабылдау басталды
Оқыту кезінде мемлекеттік басқару жүйесі, әдеп кодексі бойынша практикалық сабақтар өтеді, мемлекеттік қызмет саласындағы кейстер талданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.
– Жас мемлекеттік қызметші мектебі – өз мақсатыңызға жету үшін алғашқы қадам. Оқыту аясында өзіңізді мемлекеттік қызметші ретінде сынап қана қоймай, сонымен қатар жеке даму бойынша тренингтен өту, аймақтың көшбасшыларымен кездесуге мүмкіндік ұсынылады, – деді хабарламада.
Жас мемлекеттік қызметші мектебі туралы қосымша ақпаратты Жеңіс алаңы, 5А мекенжайында 4-қабат 410 кабинетте немесе 8 (718) 220 – 83 – 35, 8 (718) 220 – 85 – 06 байланыс нөмірлері арқылы білуге болады.