Ақсуда ер адам бұрынғы әйелі оның қоңырауларына жауап бермегені үшін жанжал шығарды.

Тым алаңшыл тұрғын жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жылдың басынан бері өңірде 166 адам отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ақсу қалалық полициясына бұрынғы жұбайына қатысты шағыммен жергілікті тұрғыннан қоңырау түсті. Тексеру барысында ер адамның үйде жанжал шығарғаны белгілі болды. Ер адамның айтуынша, ол бұрынғы жұбайының қоңырауына жауап бермегеніне алаңдап, баласының жағдайын білу үшін барған.
Ұқсас жағдай бойынша полицияға тағы бір қала тұрғыны хабарласып, жұбайының мас күйінде отбасылық жанжал тудырғанын мәлімдеді.
Аталған фактілер бойынша екі ер адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қорғаныс ұйғарымдары шығарылды. Құжаттар сотқа жолданды.
– 2025 жылдың басынан бері өңірде 166 адам отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 219 азаматқа қорғаныс ұйғарымы шығарылды, 21 адам ұйғарымды бұзғаны үшін жазаланды, 86 адамға ерекше талап қойылды, 2 азаматқа қатысты жақындауға тыйым салу туралы хаттама жасалды, – деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.
Полиция қызметкерлері отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде хабарлаудың маңыздылығын еске салады және тұрғындарды заң шеңберінде әрекет етуге шақырады.