Павлодар облысында автопатрульдер мен полицейлер оқу орындарын бақылауда

Павлодар облысында  автопатрульдер мен полицейлер оқу орындарын бақылауда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс мектептерінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ақпараттық іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автопатрульдер мен полиция қызметкерлері өңірдің оқу орындарына жақын орналасты. 

– Іс-шараның мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақатын азайту, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру.  Жүргізушілерден білім беру ұйымдарының жанында ерекше назар аударуды, қозғалыс жылдамдығын төмендетуді сұраймыз, өйткені кез келген сәтте оқушылар жолға шығып кетеді, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Департаментте өте мұқият болуды, жолдың жүру бөлігін тек белгіленген орындарда және бағдаршамның жасыл сигналына өтуді сұрайды.