Павлодар облысында автопатрульдер мен полицейлер оқу орындарын бақылауда
Облыс мектептерінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ақпараттық іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автопатрульдер мен полиция қызметкерлері өңірдің оқу орындарына жақын орналасты.
– Іс-шараның мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақатын азайту, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру. Жүргізушілерден білім беру ұйымдарының жанында ерекше назар аударуды, қозғалыс жылдамдығын төмендетуді сұраймыз, өйткені кез келген сәтте оқушылар жолға шығып кетеді, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Департаментте өте мұқият болуды, жолдың жүру бөлігін тек белгіленген орындарда және бағдаршамның жасыл сигналына өтуді сұрайды.