Павлодарда балалардың әжелер мен аналарымен бірге түсірген ең үздік бейне-ролик анықталды
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар облыстық кезеңге көшеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әжем, анам және мен» бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.
Байқау мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру және қызметін кеңейту бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату. Мектепке дейінгі мекемелерден барлығы 40 бейнематериал ұсынылды.
Қазылар алқасы бейнематериалдардың байқау тақырыбына сәйкестігін, ата-аналардың ұйымдастырушылық шеберлігін, балалардың байқау шарттарын түсінуін, орындаушылық шеберлік деңгейін (даралық, эмоционалдық, әртістік) бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар белгіленді:
«Үздік аналар мектебі» аталымында № 2 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Айкербез Мойылды ауылының № 47 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Ақнұр Аймақ үздік атанды.
«Үздік әжелер мектебі» аталымында № 16 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Арзу Амантай, № 28 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Айша Тілеген, № 37 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Нармина Касенова жеңді.
«Өнегелі әже, тәрбиелі немере» аталымында № 7 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Нұрсая Ерсайын, № 8 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Айзия Байжанова, № 104 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Аиша Ерғали үздік болып шықты.
«Шебер ана, еңбекқор бала» номинациясында № 32 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Жанерке Срымның жұмысы ерекшеленді.
«Үздік ұйымдастырылған шара» аталымында № 6 мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиеленушісі Майсара Сағындық, № 7 ЖОББМ-ның тәрбиеленушісі Жансая Садықова жеңді.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру бөлімінің мадақтамаларымен марапатталады.
Конкурстың үздіктері Майсара Сағындық және Жансая Садықованың бейнероликтері байқаудың облыстық кезеңіне ұсынылды.