Павлодар облысында бірқатар жолдар ашылды
Ауа райының жақсаруына байланысты көліктің барлық түрлері үшін жолдар ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 наурыз күні сағат 12.00-ден бастап Қызылорда – Павлодар республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (1135-1206 км), Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі қозғалыс барлық көлік түрлері үшін ашылды.
Сондай-ақ сағат 12.15-тен бастап Чернорецк - Ольгино - Успен - Шарбақты (0-149 км), Павловка - Галицкое (0-40 км) облыстық маңызы бар екі учаскеде жолдар ашық.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде автожолдардың жабылуына байланысты бірқатар уақытша блок бекеттерде 200-ден астам көлік жиналып қалған болатын.