Павлодар облысында балалар өрт сөндірушілердің кәсібилігімен танысты

Павлодар облысында балалар өрт сөндірушілердің кәсібилігімен танысты
Фото: ТЖД

Балалар өрт сөндіру техникасы мен қауіпсіздік ережелерін меңгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақсу қаласының №10 өрт сөндіру бөлімінде балаларға арналған танымдық экскурсия өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығымен таныстыру, сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша білімдерін арттыру болды.

Экскурсия барысында бөлім қызметкерлері балаларға өрт сөндіру қызметінің ерекшеліктері туралы айтып, өрт сөндіру техникалары мен авариялық-құтқару жабдықтарын таныстырды. Балалар арнайы техникалардың жабдықталуын көріп, олардың атқаратын қызметтері туралы мағлұмат алды және мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Сондай-ақ қатысушыларға өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері мен жеке қорғаныс құралдары көрсетілді. Қызметкерлер балаларға өрт қауіпсіздігі қағидаларын, өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін және шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлерін түсіндірді.

Осындай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік саласындағы білімдерін арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және құтқарушы мамандығына деген құрметін нығайтуға ықпал етеді. Экскурсия қызықты әрі әсерлі өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.