Павлодарлық алюминийшілер мамандыққа адалдығын көрсетті

Павлодар алюминий зауытының ұйымшыл ұжымы ортақ мақсатпен бірігіп еңбек етуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамының салықтық есеп менеджері Маринэ Манторова металлургтер ұжымында 21 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде жұмыста көп өзгерістер болғанымен, оның мәні өзгермеген.
– Осы жылдар ішінде жұмыс қатты өзгерді: бағдарламалар жаңарды, ұжым ауысты. Бірақ жұмыстың негізгі мәні сол қалпында қалды. Біз бәріміз бір мақсат үшін жұмыс істейміз – зауыттың гүлденуі жолында еңбек етеміз. Бүкіл зауытымызға жаңа жетістіктер мен биік белестер, экономикалық және қаржылық табыстар тілеймін, – деді Маринэ Манторова.
Оның айтуынша, зауыт жұмысшылары арасында жылы, достық қарым-қатынас қалыптасқан, ал басшылық әрқашан жұмысшыларды қолдап отырады. Бұл пікірді «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытының энергетикалық жөндеу цехының шебері Ельдар Әбікеев те растады. Ол «Өндіріс саласындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
– Мамандығым бойынша мен қаржыгермін. Алайда бұл салада жалақы төмен болған соң, достарымның шақыруымен зауытқа жұмысқа орналастым, – деп еске алады Ельдар Әбікеев. – Алғашында слесарь-жөндеуші болып бастадым. Бірнеше жылдан кейін Ресейге көшіп бара жатқан бригадирім мені өз орнына ұсынды. 2019 жылы шебер лауазымына көтерілдім. Ұжым ардагерлерінің сенімінің арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздім.
Зауыт жұмысшылары әріптестеріне мықты денсаулық, сенімді ауысым және үздіксіз өндіріс тілейді.