Павлодарлық эпидемиологтар челленджді іске қосты
Олар роликтер жазып, әлеуметтік желілерде жариялауды ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаментінде Конституция күніне орай челлендж бастады. Өңірлік және республикалық ведомстволардың қызметкерлері еліміздің Әнұранын бірге орындауға шақырады.
Эпидемиологтар өз нұсқасын департаменттің Instagram парақшасында жариялады. Челленджге облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменттің әртүрлі бөлімдерінің елуден астам қызметкері қатысты. Қазақстан Әнұранын кабинеттерде, мемлекеттік рәміздер алаңында орындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram