Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Өңірде ауа температурасының төмендеуі мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 қараша күні өңірдің барлық мектептерінде 1-ауысымдағы мектепалды даярлық топтары мен 1–4-сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
– Себебі синоптиктердің дерегінше, ауа температурасы 0–5°С шамасында болады, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрға дейін күшейеді және көктайғақ күтіледі, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ барлық мектептердегі оқушыларды тасымалдау тоқтатылады.