Павлодарда экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шешімдер ұсынылды

Аталмыш іс-шараға 40-тан астам мектеп директорының орынбасары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия-мектебінде экологиялық семинар ұйымдастырылды. Қатысушылар алты топқа бөлініп, экология мен тұрақты даму мәселелерін талқылады.
– Семинар жоғары деңгейде өтті, қатысушылар жағымды әсер алып, білім беру үдерісіне жаңа идеялар енгізуге шабыттанды, – дейді білім беру бөлімінде.
Семинардың негізгі бөлігі практикалық жұмыстарға арналды – әр топ өздерінің экологиялық жобаларын қорғап, мектептердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты шешімдерін ұсынды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін психологиялық демалыс және экобаланс ұйымдастырылды. Бұл шаралар семинарға ерекше әсер беріп, жұмысқа деген ынтаны арттырды.