Ертіс ауданында Шоқан оқулары өтті

Ертіс ауданында Шоқан оқулары өтті

Шараға 150-ге жуық оқушы мен мұғалім қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ертіс ауданындағы Северный ауылының Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мекетбінде ІІІ аймақаралық Шоқан оқулары өтті. Оған Ертіс, Ақтоғай аудандарының оқушылары, Омбы облысының мектептерінің ұжымы, Шоқан Уәлиханов оқыған Омбы қаласының кадет корпусының офицер-оқытушылары мен курсанттары қатысты.

Байқау алты номинация бойынша өткізілді: «Жас дарын»-ақындар номинациясы, «Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп»-шығармашылық зерттеу жұмысы, «Шоқан және көркем өнер» суреттер салу,«Аққан жұлдыз» сахналық көрініс, «Достықты ту еткен....» мақала жазу, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» эссе жазу номинациясы.

Қазылар алқасының мүшелері–Торайғыров Университетінің профессоры ақын, ғалым «Қанжығалы Бөгенбай» тарихи роман авторы Серік Елікбаев, Ертіс ауданы білім бөлімінің әдіскерлері, кәсіподақ ұйымының төрағасы Айман Масалимова және мектеп директорлары болды.