Павлодар облысында оқушылар түстен кейін үйде оқиды
Екінші ауысым үшін сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар қаласының барлық мектептерінің 0-4-сыныптардың 2-ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды.
Ал Ақсуда 1-9-сынып оқушылары үйде қалады. Оқушыларды тасымалдау тоқтатылады. Екібастұз қаласының 1-4-сынып оқушылары да қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.