Павлодарда тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
Бұл оқиғада 17 әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Республикалық ерлік күні аясында Қазақстан Республикасының тұңғыш бітімгерлерінің құрметіне арналған ескерткіш маңында 1995 жылы әскери борышын орындау кезінде ТМД-ның сыртқы шекарасын тәжік-ауған учаскесінде күзетіп қаза тапқан 17 әскери қызметшілерді еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға жергілікті соғыс Одағының ардагерлері, ҰҚК Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаменттің әскери қызметшілері және басқа да әскери бөлімдердің өкілдері қатысты.
– Бүгін біз шекараны қорғау уақытында қаза тапқан азаматтарымызды еске алуға жиналып отырмыз. Олар өз өмірлерін Отанды қорғау үшін арнап, оқиға барысында көз жұмды, – дейді отставкадағы майор, қарулы күштер ардагерлерінің төрағасы Жан Қаратаев.
Айта кету керек, 1995 жылы 7 сәуірде Дарвазаның Пшихарвский шатқалында қазақстандық жетінші біріктірілген рота ауған оппозициясы құрған тұзаққа түсті. Бес сағатқа созылған шайқас нәтижесінде қазақстандық бітімгершілік батальоны осы шайқаста 17 жауынгерінен айырылды. Атап айтқанда, Еркен Байгобисов, Бауыржан Далабаев, Иматдин Жұматов, Даетан Нұрмегов, Тахир Рахымжанов, Еркеболат Мақажанов, Радик Қаймулдиев, Ержан Әбдиев, Жақсылық Жансүгіров, Ербол Бебаев, Қанат Едырышов, Еркін Байғобылов, Ербол Исабаев, Михаил Мартыненко, Анатолий Мешков, Әлихан Өгізбаев, Қалмахан Бақбаев атты 17 сарбаз дүниеден озды.
Кейін олардың барлығы қайтыс болғаннан кейін Ресейдің бірінші дәрежелі «Қызметтегі ерекшелік үшін» медалімен марапатталды. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қаза тапқан әскери қызметшілердің бесеуі екінші дәрежелі «Айбын» орденімен, 12-сі медальдармен марапатталды.