Павлодар облысында екі ана алимент төлеуден жалтарып жүр
Олармен жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Дәурен Исабеков мәлім етті.
– Облыс бойынша өзінің кәмелеттік жасқа толмаған балалары үшін алимент төлейтін әйел адамдардың саны – 10. Олардың сегізі бүгінгі таңда жалақыларынан алимент төлейді. Ал қалған екеуімен жұмыстар жүргізілуде, – дейді Дәурен Исабеков.
Айта кету керек, балаларына алимент төлеуден жалтарған азаматтарға жаза қолданылады. Павлодар облысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша жауапқа тартылғандардың саны 215 борышкерді құрайды. Олардың 105-іне айыппұл салынса, 115-і әкімшілік қамауға алынған.