Павлодар облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шара өтуде

Павлодар облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шара өтуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Профилактикалық шара тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен криминогендік жағдайды жақсартуды көздейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында полиция қызметкерлері тұрғылықты жерлер бойынша арнайы тексерулер жүргізеді. Олар «Қорғау нұсқамасы» және «Ерекше талаптар» санатындағы адамдарды бақылап, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамай жүрген ата-аналарды және полицияның тізімдік есебінде тұрған тұлғаларды тексереді.

«Тұрмыс» шарасы құқық қорғау органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған жұмысының бір бөлігі болып табылады. Облыс тұрғындары құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді қатысып, кез келген заң бұзушылық фактілерін дер кезінде хабарлауға шақырылады.

Іс-шара 29 қаңтарға дейін жалғасады.