Павлодар облысында ерекше адамдар челленджге қатыса алады

Павлодар облысында ерекше адамдар челленджге қатыса алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар қиындықтарды еңсеру хикаясымен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында 2 қазаннан бастап олардың ішкі әлеуетін ашуға және белсенді өмірлік ұстанымын қолдауға бағытталған ерекше челлендж бастау алады.

– «Өз күшіңе сену – жеңіске жету» ұранымен қатысушыларды өз оқиғаларымен, жетістіктерімен және жеке жеңістерімен бөлісуге шақырамыз. Әрбір жарияланым – қайсарлықтың және айналаға шабыт сыйлайтын рухтың үлгісі болмақ, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.

Челлендждің мақсаты – өзіне деген сенім жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын, қиындықтарды еңсеруге көмектесетінін және әр күн сайын күштірек болуға жетелейтінін көрсету.

Бейнероликтерді міндетті түрде басқарманың Instagram парақшасы @ukzsp белгілей отырып, жеке парақшаларына орналастыру қажет.