Павлодарда мектеп оқушысын көлік қағып кетті

12 жастағы кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамыз күні сағат 19.30-да Nissan маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші Абай - Луначарский көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелімен жүріп келе жатқан велосипедшіні қағып кеткен.
– Жеткіншек жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіледі, – деді департаментте.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.