Павлодар облысында есірткі сатқан азамат 7 жылға сотталды

Павлодар облысында есірткі сатқан азамат 7 жылға сотталды
Фото: ҚР Ішкі істер министрлігі

Тінту жүргізу барысында есірткі заттары бар 13 полиэтилен пакет табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың жазында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізу күдігі бойынша Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол «ҚазСуШар» РМК-ның  «Қ. Сәтбаев атындағы каналының» қызметкері болып шықты.

– Павлодар қаласының мамандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында «кептірілген марихуана» есірткі заттары бар 13 полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Ағымдағы жылғы қаңтар айының соңында Екібастұз қалалық сотының үкімімен қаскүнем кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.