Екібастұздық блогер су тасқынынан зардап шеккен атыраулықтарға көмектесуде

Екібастұздық блогер су тасқынынан зардап шеккен атыраулықтарға көмектесуде
Фото: oljaskhan_

Instagram жұлдызы халықпен бірге бөгеттер құруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Белгілі екібастұздық блогер, Instagram жұлдызы Олжас Қайрат бүгінгі таңда атыраулықтарға гуманитарлық көмек көрсетіп қана қоймай, су тасқынына қарсы бөгеттер құрып, тұрғындарға тамақ таратуда. Осылайша табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен жандарға өз пайдасын тигізуде. 

– Атыраудамыз, жағдай мәз емес. Барлығы бір-біріне көмектесуде. Бұйырса, бұл қиындықтан да өтеміз. Бұның бәрі уақытша, барынша сабырлық сақтап, бір-бірімізге демеу болайық, – дейді блогер TikTok желісінде. 

Олжасхан атымен танымал блогер 2003 жылы Екібастұз аумағындағы ауылдардың бірінде дүниеге келген. Жақында блогердің Instagram-дағы оқырмандарының саны миллионға жетті. Оның артынан ерген інісі Тілеужан да блогерлік жолды қуып келеді. 

Айта кету керек, аталмыш блогер бұған дейін де  сырқат балаларға қайырымдық мақсатында ақша жинап көмектескен. Сонымен қатар, достары мен жақындарын қуантудан да жалықпаған.