Павлодар облысының орманшылығында өртке жол берген кінәлі тұрғын жазаланды
Ол 370 мың теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» резерватының мәлімітенше, Бесқарағай филиалы Майқарағай орманшылығы 30 орамында орман күзетінің инспекторлары мен Аққулы ауданының ТЖБ қызметкерлері орман өртінің туындауына кінәлі адамды анықтады.
Шөп дайындау техникасының ұшқын сөндіргіштің болмауы, өртке себеп болғаны белгілі болды.
Кінәлі адам ҚР ӘҚБ 367 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып 100 АЕК мөлшерінде (қысқартылған тәртіппен) айыппұл салынды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт 0,0025 га аумақта сөндірілді.