Павлодар облысында кадрлық өзгеріс орын алды
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма басшысы лауазымына Тимур Жантеміров тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігіндегі аппараттық кеңесте сөйлеген өңір басшысы Асайын Байханов жаңа басшыны жұртшылыққа таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Тимур Жантеміров Павлодарда туған, жоғары экономикалық білімі бар. Торайғыров Университетін тәмамдаған. Еңбек жолын банк саласында бастады, сонда әртүрлі қызметтерді атқарды. Павлодар қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланған.
«Павлодар» ӘКК жеке кәсіпкерлікті дамыту және инфрақұрылымды жақсарту, экономиканың басым салаларында аймақты дамытуға қатысу және аймақтық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған.