Павлодар облысы резерватында көшеттерді отырғызуға дайындалуда

Павлодар облысы резерватында көшеттерді отырғызуға дайындалуда
Фото: «Ертіс» орманы резерваты

Биыл резерваттың орман тұқымбақтарында 6,5 миллион түп отырғызу материалы өсірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Табиғи резерватта резерватты отырғызу материалымен толық қамтамасыз ететін екі тұрақты орман тұқымбағы бар. 

Шалдай және Бесқарағай орман тұқымбағында орман екпелерін құру үшін отырғызу материалын қазып алу аяқталды. 1,7 гектар алқапта 3,5 миллион қарағай көшеті қазып алынды.

– Тракторлардың көмегімен орманшылар жер қабатын төңкермей көтереді - екі жылдық қарағай көшеттерінің тамыры қажетті тереңдікте 25-30 сантиметр кесіледі. Содан кейін өскіндерді арнайы қар үйінділеріне апарып көмеді. Онда көшеттер оларды отырғызу уақыты келгенше сақталады, арнайы технологиямен тығыздалған және шөппен жабылған қар шілдеге дейін ерімейді. Ал екіжылдық қарағайдың көшеттері отырғызғанға дейін сол күйінде өспей жата береді, – дейді резерватта. 

Айта кету керек, ағымдағы жылы 2828 гектар алаңда орман екпелерін 14 миллион қарағай көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Көктемде 1048 гектар, күзде 1780 гектар жерге көшет отырғызылмақ. Отырғызу қолмен және механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.