Павлодар облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Ол атыс қаруымен адам атып өлтіргені үшін іздеуде жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Polisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, ер адам облыс кенттерінің бірінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құрықталды. Ол атыс қаруымен Павлодар қаласының тұрғынын атып өлтіргені үшін 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері іздеуде жүрген 300-ден астам қылмыскерді ұстады, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 200-ден астам адамды анықтады.