Павлодар облысында мектептердің қауіпсіздігі тексерілуде

Павлодар облысында мектептердің қауіпсіздігі тексерілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарының дайындығын бағалауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Нұржалғас Зекен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

– Полицейлер бейнебақылау жүйелерінің жұмысын, өткізу режимін және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жарамдылығын тексерді. Сондай-ақ аумақтардың жарықтандырылуына, қоршауларға, кіреберістер мен эвакуация жолдарының жағдайына назар аударылды, – делінген хабарламада.

Білім беру ұйымдарына іргелес аумақтар да тексеріліп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар бағаланды.

Мектеп әкімшіліктерімен қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет ету және белгіленген талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.

Полиция мұндай профилактикалық тексерулер білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті арттыру және ықтимал төтенше жағдайлар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.