Павлодар облысында «Мигрант» ЖАІШ басталды
Жедел алдын алу іс-шарасы 20-28 ақпан аралығында Павлодар облысының аумағында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шара барысында полицейлер елден шығару туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтауға және жөнелтуге бағытталған іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар, тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдіктер тұратын мекенжайлардың әкімшілік учаскелері тексеріледі.
- Көші-қон тәуекелі елдерінен келген, сондай-ақ елде уақытша тұруға рұқсат беру мақсаттары мен визаларға сәйкес келмейтін шетелдіктерге ерекше назар аударылатын болады, - деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Бұдан басқа, учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде жеке тұрғын үй секторын, саяжай алқаптарын, жатақханаларды болу мерзімдерін бұза отырып тұратын шетелдіктерді анықтау және оларға елден кету жөнінде шаралар қолдану мақсатында тексеруге ерекше назар аударады. Осы мақсатта аулалар мен пәтерлерді де аралау жұмыстары жүргізеді.
Сот шешімімен елден шығарып жіберу туралы үкімді орындаудан жалтарған шетелдіктер анықталса, олар елден мәжбүрлеп шығарылады.
Сондай-ақ, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автомобиль жүргізушілері, сондай-ақ курьерлік қызметтермен айналысатын курьерлер тексеруден өтеді. Бұдан басқа, жақын және алыс шетелдердің шетел азаматтары тарапынан көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау тұрғысынан полицейлер барлық базарлар мен өзге де сауда орындарын тексереді.