Ақсуда 10 тұрғынға кәріз желілерін қолдануға шектеу қойылды

Ақсуда 10 тұрғынға кәріз желілерін қолдануға шектеу қойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың берешектері бар болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, маусым айының алғашқы бес күнінде «Ақсу су арнасы» су бұру қызметіне төлемақы төлемеген 10 азаматтың кәріз желілеріне шектеу қойды.

– Штепсельдерді орнату бойынша жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 17 борышкер қарыздарын толық өтеді, оның ішінде бес адам алдағы төлемдер есебінен артық төлем жасады, – деп жазылған хабарламада. 

Іс-шаралардың жоғары тиімділігі мен төлем мәселесінде тұтынушыларды белсендірудің нәтижесінде «Ақсу су арнасы» кәсіпорны кәріз желілеріне кіруді шектеу үшін қосымша екі қондырғы сатып алды. Бұл борышкерлермен жұмыс істейтін үш мобильді топ құруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын орнатылған тығындарды әдейі бүлдірген жағдайда әкімшілік шара қолданылатынын ескертеді. Сонымен қатар, тығын кәсіпорынның кассасында тиісті қызметке төлегеннен кейін ғана алынады. Қызмет құны 11 000 теңгеден асады.

Осыған орай, «Ақсу су арнасы»  бар қарызды тез арада өтеуді және кәріз жүйесін қалпына келтіруге байланысты отбасылық бюджеттің қосымша және қажетсіз шығындарын болдырмауға кеңес береді.